26
октябрь
2024
25 қазан
[]http://www.talapty-koksu.mektebi.kz/uploads/posts/2025-02/1739167285_slajd1.jpg[/]
25 қазан – «Республика күні» мерекесіне арналған«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем!» атты салтанатты жиынның
өткізілуі туралы
Ақпарат
«Талапты орта мектебі» КММ де 2024 жылдың 24 қазан күні Республика күніне арналған «Республикам -мақтанышым!» атты салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиын сағат 11:00 да басталды. Шара өткізілетін алаң жалаулармен, мерекелік баннерлермен, гүлдермен безендірілді. Сондай-ақ Республика күніне салтанатты жиынын өткізуге арналған сценарий құрылып, мектеп директорымен бекітілді.
Салтанатты жиынның өтілу барысы төмендегідей:
Салтанатты жиында оқушылар сапқа тұрғызылып, ұзтаздар шақырылды. ҚР Гимні шырқалды. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Абилов Төлентай Жанайбекұлына берілді. Мереке құрметіне арналып 8-сынып оқушысы Нүсіпжан Бекарыстың орындауда «Қазақстан елім» әні мен 8-сынып оқушысы Әбілмәжін Аяжанның оырндауында «Қазақстаным» әні шырқалды.
Келесі кезекте құттықтау сөз 1-сынып бүлдіршіндеріне берілді. Бүлдіршіндер Республика күні мерекесіне арналған өлең жолдарын тарту етті.
Бүлдіршіндердің құттықтауларынан кейін мереке құрметіне арналып 5-сынып оқушыларының биін тамашаланды.Сонымен қатар 6-сынып оқушыларының әндері мен билері де өз дәрежесінде өтті.
25 қазан Республика күніне орай өткізілген «республикам-мақтанышым!» атты салтанатты жиын сағат 12.00-де аяқталды.
[]http://www.talapty-koksu.mektebi.kz/uploads/posts/2025-02/1739166946_slajd1.jpg[/]