10
март
2025
8 наурыз
«Талапты орта мектебі» КММ-де 8-наурыз мерекесіне арналған
«Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана!» атты мерекелік
шараның өткізілгендігі туралы
Ақпарат
8-наурыз десек, бүкіл әлем бойынша тойланатын, бүкіл әлем бойынша аталып өтілетін Халықаралық мейрам — «Аяулы жандар» мейрамы еске түседі. Асыл жандар туралы өлеңдер жазылып, ән де шырқалып жатады. «Асыл жандар» деген атаумен кеңінен тарап кеткен бұл мейрамды сөзімізге әсемдік қосып, әрлеп, құлағымызға жағымды, нәзік атаумен атайтын болсақ, яғни, «Аналар» мерекесі деп. Біздер үшін, аналардың орны әрқашанда бөлек болып саналады. Бір қолымен бесік тербеп, екінші қолымен әлемді тербейтін аналарға жететін жан жоқ шығар сірә! Осы аяулы жандардың құрметіне іс-шаралар жоспары негізінде 2025 жылдың 07 наурыз күні «Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана!» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылып өтті.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Шараға дайындықты мектеп әкімшілі, жас ұстаздар мен өзін-өзі басқару ұйымы жүргізді. Мерекелік шара барасында өзін-өзі басқару ұйымы «Бәрі де сіздер үшін, Аяулы Жандар» тақырыбында мерекелік құттықтаулар ұйымдастырды. Сонымен қатар мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып мектебіміздің ардагер ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтап үйлеріне барып қайтты.
Мектеп директоры Т.Ж.Абилов мерекелік шарада барша аяулы жандарды мерекелерімен құттықтап, мектептің тынысына белсенділік танытқан ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. Мектептің белсенді, өнерлі оқушылары мен жас ұстаздар мереке құрметіне арнап әндер орындап, билер биледі. 8-наурызға арналған мерекелік шара өз деңгейінде өтті.