Ұстаздар күні » Жетісу облысы Көксу ауданы Талапты орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Талапты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2018

Ұстаздар күні

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық
дегендей мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  «анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.
Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады.  «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Біздің Талапты орта мектебінде «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар…» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Алғашқы болып ұстаздарды мектебіміздің директоры Туғанбеков Ержан Жұмағалиұлы құттықтады.Мектебімізде ұстаздар күніне арналған «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты әдеби музыкалық сазды кеш өткізілді.
Бұл кешке арнайы ұлағатты ардагер ұстаздар шақырылып, оларға құрмет көрсетілді. Оқушылар ұстаздарына мәнді де.маңызы зор өлең шумақтарын арнады.
Ұстаз еңбегінің аса зор екенін бүгінгі болашақ бүлдіршіндер сезінді. Олар «Ұстаз»деген ұлы есімді ардақтауға және өз үлестерін қосатындарын өлең шумақтары арқылы жеткізді. Кеш соңында ардагер ұстаздар сөз алып, Панаева М.Т, Шантикова Ж.Е, Алпарова Б.К, Бектемирова К.К оқушыларға ізгі тілектерін білдіріп алғыстарын айтты.

Похожие публикации:

10 октябрь 2018 Қарттар күні
10 октябрь 2018 Қарттар күні
10 октябрь 2018 Қарттар күні
16 февраль 2024 Мекен -жайымыз
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив