18
декабрь
2024
16 желтоқсан
Талапты орта мектебінің
Қазақстан Тәуелсіздігінің 33 жылдық мерекесіне арналған
іс-шаралардың өткізілгені туралы
А Қ П А Р А Т
Тәрбиелеу мақсатында отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке жауапкершілікке, елге жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Осы мақсаттардың жүзеге асыру мақсатында.
Мектебімізде желтоқсан оқиғасының 38 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 33 жылдығына арналған апталық өтті. 5.12-13.12 аралығында өтілетін апталық жоспары алдын ала құрылып, бекітілді. Кітапханашы А.Бисекен. «Тәуелсіздік- ел мұраты» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Тәуелсіздік күніне арналған қабырға газеттері байқауы өтті. 5-10 сынып аралығында «Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты шығармалар байқауы өтті.
«Менің отаным-Қазақстан» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Оған ең үздік деп танылған суреттер қойылды. Апталық аясында әрбір сынып тәуелсіздік күніне арнап «Жетістігімді еліме арнаймын» тақырыбында челлендж, «Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. «Тәуелсіздік-тұғыры биік, ұлы есім» (8-сын.)тәрбие сағаттарын және сайыс сабақтарын өткізді.
2024-жылдың 13-желтоқсаны күні Тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына орай мектепішілік балалар мен жасөспірімдерді «Жас ұлан, жас қыран» ұйымына салтанатты түрде қабылдау шарасы өтілді. Жалпы мектептен Жас ұлан қатарына -16 оқушы, жас қыран қатарына – 15 оқушы қабылданды.
Салтанатты жиынға мектеп ұстаздары және мектеп әкімшілігі қатысты. Шараны ұйымдастырып, өткізу мектеп педагог ұйымдастырушысына жүктеліп, атқарылды. Мектеп директоры Т.Ж.Абилов және ардагер ұстаздарымыз құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды мерекемен құттықтады.
Жоспарлағандай іс-шара ойдағыдай өтіп, барлық қатысушылардың көңілінен шыға білді. Балалар «Жас ұлан» әнұраның шырқап, мектеп оқушыларының орындауында әсем, патриоттық әндер орындалды. Туымыз түстес галстукпен төсбелгілерді табыстау сәті мектеп ұстаздары мен мектеп әкімшілігіне тапсырылды. Әр оқушыға «Жас ұлан мен жас қыран» ұйымының ережелері айтылып, естеріне сақталды. Іс-шара «Атамекен» әнімен өз мәресіне жетті.
https://www.facebook.com/share/p/Wi2wt3UZZhsf2aRj/
https://www.facebook.com/share/r/ENmp3859rSgLbLDF/
https://www.facebook.com/share/p/kQrJB4yG9Jmdzctn/
https://www.facebook.com/share/p/Vv2SncZdpAcyyXYD/
https://www.facebook.com/share/r/FP5aXwHbt73C4cKm/

[]http://www.talapty-koksu.mektebi.kz/uploads/posts/2025-02/1739167617_slajd1.jpg[/]