Мектеп тарихы » Жетісу облысы Көксу ауданы Талапты орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Талапты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
октябрь
2019

Мектеп тарихы

Талапты мектебінің тарихы
Талапты мектебінің тарихы 1895 жылдан бастау алады .
(1895-1930 жылдар аралығындағы мектеп туралы толық мәліметтер құжат түрінде жоқ). Ал мемлекеттік мекеме ретінде ресми тіркелген КСРО тарихына қатысты кеңестік мектеп 1930 жылдан басталды.
1930-1935 жылдары төртжылдық «Жаршапқан» бастауыш мектебі деп аталды.
1935-1942 жылдары жетіжылдық «Жаршапқан» орталау мектебі.
1942 жылғы қыркүйектен 1952 жылдың жазына дейін қайтадан төртжылдық «Жаршапқан» бастауыш мектебі (себебі бұл жылдарда соғысқа байланысты бала саны азайып кеткен).
1952 жылдың қыркүйегінен 1958 жылға дейін жетіжылдық «Жаршапқан» орталау мектебі болады.
1958-1983 жылдары «Талапты» сегізжылдық мектебі болды.
1930 - 2018 жылдар арасында төмендегі адамдар «Жаршапқан» мектебіне директор болып басшылық жасаған:
1.Намазбаев Нұрлыбек - «Жаршапқан» бастауыш мектебінің директоры. (1930-1935ж)
Суретте Намазбаев Нұрлыбек

2.Өзекбаев Нұрбек- «Жаршапқан» бастауыш мектебінің директоры.(1935-1938ж)
3.Дөненбаев Шәкен- «Жаршапқан» бастауыш мектебінің директоры.(1938-1940ж)
4.Мұздыбаев (1940-1942ж)
5.Жапсарбаев Айтақын (1942-1944ж)
6.Оспанов Нұрқасым (1944-1949ж)
7.Дандібаев Байжомарт Дандібайұлы бастауыш мектебінің директоры.(1949-1951)
8.Төлекбаев Біләл-«Жаршапқан» бастауыш мектебінің директоры.(1951-1952ж)
9.Дәрменқұлов Рысбек-(1952-1953) жылдары «Жаршапқан» бастауыш мектебінің директоры.
10. Толқынбеков Рахметолда 1954 ж.15.04-1955 ж.29.03 «Жаршапқан» орталау мектебінің директоры.
11. Ибраймов Рахметолла- «Жаршапқан» орталау мектебінің директоры.(1955-1959ж)
12. Мұратбеков Қабытай 1959-1962 «Талапты» сегізжылдық мектебінің директоры.
13. Сүндетбаев Нұғыман-«Талапты» сегізжылдық мектебінің директоры.(1962-1963ж)
14. Қасымбаев Етай- (1963-1966)«Талапты» сегізжылдық мектебінің директоры.
15. Дандібаев Байжомарт-(1966-1972) «Талапты» сегізжылдық мектебінің директоры.
16. Рахымбаев Сайлау Рахымбайұлы-(1972-1975) «Талапты» сегізжылдық мектебінің директоры.
17. Шағылбаева Тұрсын-(1975-1976) «Талапты» сегізжылдық мектебінің директоры.
18. Нұрғазынов Наухан Нұрғазыұлы - (1977-1981)«Талапты» сегізжылдық мектебінің директоры.

Суретте Нұрғазинов Наухан Нұрғазыұлы
19. Бейсбаев Халық- (1981-1982) «Талапты» сегізжылдық мектебінің директоры.
20. Төкенов Иемберген Төкенұлы-(1982-1985-сәуірге дейін) «Талапты» орта мектебінің директоры.
Мектеп директорының бастамасын халық қолдап, 1983 жылғы қыркүйектен бастап Талапты сегізжылдық мектебіне (10 жылдық) орта мектеп статусы берілді. Талаптылықтар үлкен қуанышқа бөленді. Сегізжылдық орталау мектепті бітіріп, жан-жақтағы мектептерге кеткен оқушылардың барлығы қайтадан мектепке келіп алды.
Олар 1967 жылғы балалар еді .Мектептің кейбір материалдық базасын толықтыру үшін мектеп оқушылары да араласты. Әсіресе 1967,1968 жылы туылған ересек 9,10 сынып оқушылары көп еңбек етті.


Суретте Талапты орта мектебінің 1983 жылғы алғашқы түлектер(1967 жылы туылғандар)


Бір адамның қолынан келе бермейтін ату тирінің құрылысының басынан бастап біткенге дейін, Азаматтық қорғаныс,гимнастикалық қалашық,кедергілі жолақ т.б.оқу алаңдарын жасап тұрғызу барысында олар аянбай тер төкті.
















Суретте Талапты сегізжылдық мектебінің (1966 жылы туылғандар) түлектері

21. Абдрахманов Жеңісбай Абдірасілұлы (1985-1996) «Талапты» орта мектебінің директоры.
22. Панаева Майша Тілеукенқызы (1996-1997-қазан айына дейін) «Талапты» орта мектебінің директоры.
23. Абдрахманов Сембек Солтанұлы(14.10. 1997ж. - 8.04.1999ж. -ге дейін) «Талапты» орта мектебінің директоры.
24. Оспанов Маман Оспанұлы (1999ж8.04. – 2005ж 25.05.)
«Талапты» орта мектебінің директоры. Одан бұрын Кербұлақ ауданында білім бөлімін басқарды, Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған
25. Жанаханов Елемес Жәкенұлы (2005-2013) «Талапты» орта мектебінің директоры.
26. Биядилова Қарлығаш Жақсыбайқызы 2013 жылдан бүгінге дейін «Талапты» орта мектебі КММ-ің директоры болып келеді.

Суретте Оспанов Маман
Осы жылдарда мұғалім болып көптеген адамдар еңбек еткен (келіп кеткендердің бәрінің атын атау өте қиындау болды сол себепті,көбінесе жергілікті тұрақты жұмыс жасағандардың мүмкіндігінше аттарын атап, табылғанына қарай өмірбаянын қоса беруге тырыстық ).

Суретте Бегімжанов Қабдолда
Оқу ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары
Бегімжанов Қабдолда көп жылдар оқу-тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары (бұдан әрі ОТІЖО) болған. Ал Намазбаев Билібек, Қаңтарбаев Сәрсембай - бастауыш сынып мұғалімі болып бала оқытты.


Суретте Намазбаев Билібек
Намазбаев Билібек Ержанұлы 1915 жылы наурыз айында қазіргі Талдықорған қаласының жанындағы Алмалы ауылындадүниеге келген.Сегіз жасында ауыл молдасынан алғаш дәріс алып сауатын ашады.Кейін уездік орысша-қазақша үш сыныптық білім алады.1928 жылы Қаратал ауданы Тастөбе ауылында ашылған мектеп-интернатта пионерлер жетекшісі(пионервожатый) болып бастайды.1929-1932 жылдар арасында осы аталған мектеп-интернатта сол кездегі үкімет талабын орындаушы Ораз Жандосовтың ұйымдастыруымен жергілікті жетім балаларды мектепке оқуға орналастыру ісімен айналысады.1934 жылы Ақтекше ауылында бастауыш мектеп меңгерушісі қызметіне тағайындалады.Осы жылдары Қапалдағы мұғалімдер дайындайтын училищесін үздік бітіріп шығады.Алматыда мамандығын жоғарылату курсын оқыған кезде Сәкен,Бейімбет,Ілияс сынды қазақ зиялыларынан дәріс тыңдайды.Қызмет барысында Қанабек Байсейітовпен танысып,аралас-құралас болады.
1938жылдан бастап Мұқыры, Жарлыөзек, Тастөбе, Еңбекшіқазақ,
Быжы, Ақтекше ауылдарындағы мектептердегі басшылық жұмыстарында болды. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін 1955 жылы Талапты жетіжылдық мектебіне мұғалім болып, 1976 жылы сол Талапты сегізжылдық мектебінен еңбек демалысына шығады. Жарты ғасырлық ұстаздық еңбегі атаусыз қалған жоқ.
1.1941-1945 жылдардағы «Ерен еңбегі үшін» медаль
2. «Үздік еңбегі үшін» медаль
3. Қазақ ССР-ның «Халық ағарту ісінің үздігі»
4. «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.



Суретте: Ұлы Отан Соғысының ардагері Қаңтарбаев Сәрсембай мен Алғабас орта мектебінің директоры Сембек Абдрахманов 2018ж

1945-1951 жылдары Талапты ауылындағы (Жаршапқан) жетіжылдық орта мектепте мұғалімдік қызметте жүріп, 1951-1954 жылдар аралығында Жаркент педагогикалық учелищесінің білім жетілдіру курстарына барып оқыған.





Қамбалиев Қалымбек- бастауыш сынып мұғалімі және арифметикадан сабақ берді.
Байжұрынов Рахымжан- бастауыш сынып мұғалімі, Қасымбаева Қайыпжамал-биология пәні, Бекмұханбетов Болат Бекмұханбетұлы–еңбек пәнін, Әділбекова Рауза (Роза) – бастауыш сынып мұғалімі,



Мырзакерімова Нестан Мырзакерімқызы -бастауыш сынып, Байсеркенова Кенжан Байсеркеқызы- бастауыш сынып мұғалімі, кейінде географиядан сабақ берді. Еселбаев Мұзафар-дене тәрбиесінен, Әміреев Сатан Әміреұлы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Бодаубеков Айтжан Бодаубекұлы - география пәнінен өте білгір маман болды. Оспанов Маман Оспанұлы-математика пәнінің мұғалімі, Рахымбаев Сайлау Рахымбайұлы орыс тілі пәнін, Нұрғазинов Наухан –тарих пәнін, Сахмолдина Жамал -неміс тілі пәнін, Дәндібаев Тарас Байжомартұлы-биология, химия пәндерін, Бегімжанов Сейдол Қабдолдаұлы, Өсімбаев Қуан Нұрғамитұлы –еңбек, дене тәрбиесі пәндерін, Абдрахманова Әсемхан Солтанқызы-тарих пәні, Мұратбекова Жанна , Байжомартов Ардабай математика пәнін, Дәндібаева Райхан Байжомартқызы –аға пионер вожатый, Қашқынбекова Гүлдархан – музыка пәнінің мұғалімі (кейінде клуб меңгерушісі), Сережанова Қуаныш Шайыққызы – қазақ тілі мен әдебиеті, Торғаев Ерболат - ОТІЖО, математика, сызу пәндерін, Искакова Зинаида Искакқызы –биология пәнін, Тұрысбеков Қанапия Мұхидденұлы, Қасымова Гүлмайра Қамиқызы – физика пәнін, Бүрлібаева Жаңыл Нүрбекқызы, Абдрахманова Айтхан Солтанқызы –география пәнін, Алпарова Бақыт Қайманқызы, Алпарова Ләйлә Қайманқызы –тарих пәнін, Шантикова Жанат Ермұқанқызы –химия пәнін, Панаева Майша Тілеукенқызы, Бектемирова Күлсағира Карбозқызы – ОТІЖО, неміс тілі, қазақ тілі пәнін, Досмайылова Айжан Қалдыбайқызы-математика пәнін, Қасымов Жайық Әбдіғалықұлы –дене тәрбиесі пәнін, Абдрахманов Сембек Солтанұлы –алғашқы әскери дайындық және математика пәнін, Мәнжуова Жамалхан, Жармұханбетова Ұлтуар, Бектенова Қарлығаш – бастауыш сынып, Байжұрынова Гүланар – аға пионер вожатый, Намазбаев Қанат Билібекұлы, Абдрахманов Жақан Мейманұлы, Рахимов Сұлтанбек Манапұлы – еңбек пәнін, Жұмабаева Жеңісбала Мырзакерімқызы, Әйешова Зүбайра, Жұрханова Нұрбала Оразбаққызы, Шарипова Гүлжан Ақымжанқызы-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, Шаухарова Көшбала, Асылбеков Моряк, Ильясова Мауыт –бастауыш сынып, Нұранбекова Әспет Рымбайқызы, Ержанова Гүлбаршын Есбергенқызы –орыс тілі пәнін, Жанаханова Гүлбану математика пәнін оқытты.
1960-1970 жылдардың ортасына дейін физика, химия, орыс тілі, сурет, музыка пәндерінен оқып келген нақты әрі білікті маман болмады.Соның салдарынан сегіз жылдықты бітірген оқушылар басқа мектепке барғанда тіпті болашақ мамандық таңдау кезінде көптеген қиыншылықтар туындап жатты.
Мектептің шаруашылық ісінің меңгерушілігін: Малдыбаев Жексенқұл, Вахреев Ядгар (Жеткер), Жақсылықов Жұмабай Сережанов Дәулетжан, Сүлейменов Талғат, Төлегенов Әбдуали, Имашева Эльмира атқарды.
Іс қағаздарын жүргізуші – Манапова (Мәдібаева) Райхан
Кітапханашы -Байжұрынова Мәриза Құдабайқызы, Торғаева Гүлжақан Жұмағұлқызы, медбике-Исаева Света.
Мектеп директоры Мұратбеков Қабытайдың тұсында (1958 ж) «Жаршапқан» орталау (жетіжылдық) мектебі «Талапты» сегізжылдық мектебі болып аты өзгерді.
Мектеп директоры Қасымбаев Етайдың тұсында бұрынғы мектеп ғимаратына қарама-қарсы арақашықтығы 30-40 метр жерге қосымша мектеп ғимаратының кірпішін сегізінші сыныпты бітіруші оқушылар, мектеп мұғалімдері құйып, қалап , шатырын жауып күзге дейін бітірді.
1973-1975 ж мектеп директоры Рахымбаев Сайлау Рахымбайұлының тұсында мектептің үшінші ғимаратын колхоз көмектесіп салып берді.
Мектеп директоры Төкенов Иемберген Төкенұлының тұсында 1983 жылы қыркүйек айында «Талапты» сегізжылдық мектебі «Талапты» орта мектебі болып аты өзгерді. Орта мектеп статусын алу барысында И.Төкеновтың еңбегі зор. Мектепке жаңа жиһаздар әкелінді. Жаңа алғашқы әскери дайындық пәні енді. Оның 15 элементтен тұратын материалдық базасы аудандық әскери комиссариаттың талабының арқасында колхоздың көмегімен бір айдың ішінде толық жасалып бітті. Сол жұмыстың басы - қасында әрқашан Сембек Солтанұлы Абдрахманов жүріп орындарын көрсетіп, нені қалай орналастыру сияқты көп жұмыстардың істелуіне нұсқаушы бол жүріп, Талапты мектебіндегі АӘД пәнінің негізін тұрғызды.
Мектеп директоры Абдрахманов Жеңісбай Абдірасылұлының тұсында (1985-1996) мектептегі барлық пәндерді оқыту бойынша әдістемелік жұмыстар оң жолға қойылды.



Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша «Жасармияшылар» командасы 1990 жылы ауданда, облыста 1-орынды иеленіп республикалық жарыста 2-орынды иеленді. Пән мұғалімі Абдрахманов Сембек Солтанұлы Білім министірлігі жанынан құрылған әскери-спорттық ойындарды ұйымдастырып өткізу орталығының арнайы шақыруымен Севостополь қаласына «Жасармияшылардың» Бүкілодақтық жарысына қатысып қайтты. Қазақ тілінен де республикалық деңгейдегі көрсеткіштер болды. Бірнеше жылдар қатарынан «алтын», «күміс» медальға бітіруші оқушылар болып тұрды. Мұғалімдердің оқыту үрдісіндегі деңгейі көтерілді.
Мектеп директорлары Панаева Майша Тілеукенқызы мен Абдрахманов Сембек Солтанұлының тұсында (1996-1999) тоқырау жылдары электр тогы жетіспей барлық мектептерде қыс мезгілінде әрбір сыныпқа темір пештер орнатылып мұржалары терезеден шығып тұрды. Мектептің күнделікті қажеттілігін шешуге бюджет тарапынан қаржы бөлінбеді. Колхоздың бөліп берген жеріне бидай, қант қызылшасы егіліп, одан түскен өніммен қажеттіліктер шешімін тауып отырды. Жазғы мезгілдегі ағымдық жөндеу жұмыстарына ата-аналардың да көмегі көп болды.
1998 жылы барлық мектептермен қатар алғашқы компьютерлік техника орнатылды.
Мектеп директоры Оспанов Маман Оспанұлының тұсында Талапты ауылында туып өскен азамат екі мәрте Мәжіліс депутаты Жексенбинов Жомартқали Баясылұлының көмегінің арқасында өкіметтің қаражатымен екі қабатты жаңа мектеп салынды.
Кейінгі жастар сол жаңа мектеп ғимаратында оқып білім алуда.
2005 жылы 1 қыркүйектен жаңа салынған ғимаратта Жанаханов Елемес жекенұлы директор болып тағайындалды. 2013 жылдан Биадилова Қарлығаш Жақсыбайқызы директор қызметін атқарды.



Көксу аудандық білім бөлімінің құрамындағы «Талапты» орта мектебінің «Жасұландары» Облыстық шарада сапта жүрудің үздіктері болып танылды. Ортада АӘД пәнінің мұғалімі Нүртілеуов Қазбек Мұхамерұлы



Облыстық жарыстан жүлделі оралдық 2018жыл
Ортада Мектеп директоры Қ.Ж.Биадилова,педагог-ұйымдастырушы С.М.Жақыпбекова, АӘД пәнінің мұғалімі Нүртілеуов Қазбек Мұхамерұлы, мектеп медбикесі Тулебаева Дәрияш


2018 жылдың қыркүйек айынан Туганбеков Ержан Жұмағалиұлы директор қызметін атқаруда


2018-2019 оқу жылындағы жұмыс жасап жатқан мұғалімдер ұжымы

№ Мұғалімдердің аты-жөні лауазымы
1 Туганбеков Ержан Жұмағалиұлы Мектеп директоры және информатика, пәнінің мұғалімі
2 Шайықова Жанар Тұралықызы ДОІЖО , физика
3 Жұмағұлов Қанатбек Қалиғазыұлы ДТІЖО, психолог
4 Жақыпбекова Сүйімхан Махмұтқызы Педагог ұйымдастырушы, көркем еңбек
5 Абилжанова Гүлзат Әзімжанқызы Психолог, өзін-өзі тану
6 Нұртілеуов Қазбек Мұхамерұлы АӘД, дене
7 Бітібаева Ирина Бексұлтанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
8 Тұрлыбекова Эльмира Бейісжанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
9 Баисова Ләззат Жанатқызы Орыс тілі мен әдебиеті, тарих
10 Нұранбекова Аспет Рымбаевна Орыс тілі мен әдебиеті
11 Бозжігітова Жұлдыз Парахатқызы тарих
12 Каринова Айгерім Кенжатайқызы Ағылшын тілі
13 Жоламанова Гүлім Қайпқызы Ағылшын тілі
14 Отепов Максет Елубайұлы математика
15 ҚазықызыАсемгүл математика
16 Биадилова Қарлығаш Жақсыбайқызы география
17 Оқап Казира химия
18 Аңғалов Жалғас Маратұлы Дене шынықтыру
19 Рақымжанов Жанат Дене шынықтыру
20 Даутова Шолпан Сәрсембайқызы биология
21 Рақымжанқызы Бұлбұл Көркем еңбек,
22 Жұмағұлова Гүлбарам Нұрғалымқызы музыка
23 Айтқазина Қымбат Тарих, кітапханашы
24 Аңғалова Айгүл Маратқызы информатика
25 Қашағанова Ғалия Қалиясқызы Бастауыш 3-сынып
26 Оспанова Шара Әнуарбекқызы Бастауыш 4-сынып
27 Нұрғалиева Айгүл Елтайқызы Бастауыш 1-сынып
28 Байбосынова Роза Бекқызы Бастауыш 2ә-сынып
29 Дөненбаева Замзагүл Абдрахманқызы Бастауыш 2а-сынып
30 Мергенбаева Әсем Сатыпалдықызы мектепалды
31 Имашева Элмира Жәйшібекқызы завхоз
32 Дарубаева Жанар Абдыкадырқызы Хатшы
33 Шоқанова Индира медбике

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив