22 наурыз мерекесі » Жетісу облысы Көксу ауданы Талапты орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Талапты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
март
2023

22 наурыз мерекесі


















Талапты орта мектебінде өткен

 Наурыз мейрамы туралы ақпарат


2022-2023 оқу жылы

Отыз күн ойынын, қырық күн тойын жасаған қазақ халқы үшін кез келген мерекенің орны айрықша. Әсіресе, Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту дәстүрі жылдан-жылға қанатын жайып келеді. 22 наурызда республика көлемі, аудан мен ауыл-аймақтардан басталатын мейрам сәуір айының ортасына дейін тойланып жүр.Бұл да бірлігі жарасқан бейбіт елдің бір бақыты болса керекті. «Талапты орта мектебі» КММ-де 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні – Наурыз  мерекесіне орай жоспар құрылып, бекітіліп іс-шаралар өткізілді.

Сынып жетекшілер «Қош келдің, Наурыз мейрамы!»  тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді, видеоматериалдар көрсетілді, ойындар өткізілді.. 

«Ұлыс күні ұлы шашу!»  тақырыбында ауыл-ауыл болып бөлініп, мектеп пен ата-аналар арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында жарыс өткізілді. Жарыстың өзіндік ерекшелігі болды, арнайы жарыстың шарты көрсетіліп, соған қарай ұйымдастырылды. Барлық мектеп оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер қауымы қатысты, дастархан жайылды.

«Наурыз – Думан» тақырыбында қазақтың ұлттық ойындарынан спорттық сайыстар өткізілді. Қызыққа толы ойын болды, күштері сыналды, белсенді ат салысты.

«Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері» тақырыбында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері бойынша көрсетілімдер болды. Тәрбиелік маңызы зор, болашақ ұрпаққа, жастарға үлгі боларлық көрсетілім болды.

«Наурызым мерекем-Наурызым берекем» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Ата-аналарға, ауылдың ақ сақалдарына сөз берілді, мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив